Облыстық педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер қауымдастығының отырысы

Облыстық педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер  қауымдастығының отырысы

2023 жылдың 3 ақпанында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығында облыстық педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтардың төрағаларынан құралған облыстық қауымдастықтың барлық 25 мүшесі қатысты.

Отырыста қауымдастықтың жылдық жұмыс жоспарына толықтырулар енгізу, әлеуметтік педагогтердің қауымдастыққа кіруі, зорлық-зомбылық, балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Отырыс барысында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі А. А. Исаев психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары және педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердің 2023 жылы біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша әріптестеріне ұсыныстар берді.

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері А. К. Кубентаева психологиялық қызметті реттейтін НҚА-ға, оның ішінде «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметінің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы №377 бұйрығына (Республика бойынша психологиялық қызметінің бірыңғай қағидалары) тоқталып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі» туралы 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №64-н бұйрығына сәйкес мектептегі қауіпсіздік қызметінің  (МҚҚ) жүзеге асырылуы бойынша кеңестер берді.

 Іс шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми қызметкері Е. М. Аязбаев қатысып, білім сапасын арттыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Отырыста қауымдастықтың төрағасы және хатшысы, жаңа мүшелері сайланып, ұсынымдар қабылданды.

Жауапты: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.