«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» облыстық практикалық семинары

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» облыстық практикалық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы   «Өрлеу» БАҰО АҚ  ШҚО бойынша филиалы Кәсіби даму институтымен бірлесіп,  2023 жылдың 25 қаңтарында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты практикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - бастауыш сынып   мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш мұғалімдерінің жұмысымен таныстыру, тәжірибе алмасу.

 Іс-шараның ашылуында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының міндетін атқарушы Джакупова Гулмира Сайпашқызы семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинардың планерлық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша  Кәсіби даму институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Нурахметқызы Касенова «Функционалдық сауаттылық білім берудің сапасы ретінде», Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің оқу ісінің меңгерушісі Майра Даукенқызы Жагыкпанова «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында баяндама жасады.

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіру» тақырыбында  іс-тәжірбиесін Самар ауданының  «Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицей» КММ педагог-зерттеуші,бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна  таныстырды.

Семинардың бағдарламасы негізінде Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері  Т.А. Курманова ,Ж.М. Фаилова, А.Арғынбек , Б.А.Кобыкбаева, С.Олжабай  ашық сабақтарында функционалдық сауаттылықты  қалыптастырудағы әдістерімен бөлісті.

Сараптама алаңдарында  ұжымның бастауыш сынып мұғалімдері М.Д. Жагыкпанова,  Ж.С. Амисултанова, Ж.Д. Дүйсенбекова  «Геймификация әдісі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру»;                                   Ж.А. Джандаралова, А.А.Махмутова «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда (Lesson Study) сабақты зерттеу әдісінің тиімділігі»; А.А. Кобыкбаева, А.Б.Бақытқанова  «Бастауыш мектепте жобалап оқыту технологиясын қолданудағы ерекшеліктер» тақырыптарында  шебер сыныптар көрсетті.

Питч-сессия барысында  функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бойынша оқушылар ғылыми жобаларына таныстырылым жасады.

Семинар соңында «Көрген сабағын біреу болса да, тоқығаның мың болсын»  алаңында кері байланыс  ұйымдастырылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды.