«Жаңа Қазақстан қазіргі әлемде» атты облыстық дөңгелек үстел

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 14 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар шеңберінде білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыс мектептеріндегі директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері, арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін «Жаңа Қазақстан қазіргі әлемде» атты облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара мақсаты - педагогтерді қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға тарту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Іс-шара барысында:
Задаев Олжас Темірбекұлы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері «Жаңа Қазақстан – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі»;
Кандлин Александр Арнольдович, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Воспитание гражданина, патриота и конкуретоспособной личности - залог строительства Нового, Справедливого Казахстана»;
Шаріпханов Тоқтар Шаріпханұлы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі «Қазіргі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері 2010-2022 жж.»;
Исанова Гульжан Каирбековна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Политико-правовая система Республики Казахстан. Специфика Евразийской модели политического диалога» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға офлайн формада 27 педагог және ZOOM платформасы арқылы 70 мұғалім қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелерін, ел дамуындағы «Жаңа Қазақстанның» стратегиясын, жаһандану және өңірлік интеграция мәселелерін, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды талқылады.
Модератор: Исаев Аркадий Анатольевич, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі.