«Мейрімді жүрек» еріктілер слеті

Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында «Мейрімді жүрек» волонтерлер слеті өтті.
Өткізу мақсаты еріктілердің үздік тәжірибелермен алмасу бойынша диалог алаңын ұйымдастыру, жастар ортасындағы тиімді өмірлік стратегия ретінде, еріктілер қозғалысын насихаттау болып табылады.
Слеттің ұйымдастырушылары ШҚО білім басқармасы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі.
Слёт жұмысында келесі жұмыс алаңдары қарастырылады:
- «Әлеуметтік волонтерлік» білім беру платформасы
2.«IT волонтерлік» білім беру платформасы
- «Экологиялық волонтерлік» білім беру платформасы
- «Корпоративтік волонтерлік (медиа волонтерлік)» білім беру платформасы.
Іс шара барысында еріктілер жыл көлемінде атқарған жұмыстарын, тың жобаларын, әлеуметтік желідегі белсенді студенттер анықталды.
Қоғамдық бірлестіктер, партия өкілдері, университет өкілдерінен құрылған әділ қазылар алқасы еріктілерді «Үздік волонтерлік қозғалыс», «Үздік жоба», «Әлеуметтік желідегі үздік еріктілер» номинациялары бойынша бағалады.
Слет қорытындысы бойынша келесі оқу орындары үздік деп танылды:
«Үздік ерікті» номинациясына
1 орын - "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі" КМКК
2 орын - "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі" КМКК
3 орын - "Риддер көпсалалы колледжі" КММ
«Еріктілердің ең үздік жобасы» номинациясына
1 орын - "Риддер аграрлық техникалық колледжі" КМКК
2 орын - "Өскемен құрылыс колледжі" КММ
3 орын - "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" КММ
«Әлеуметтік желідегі ең үздік еріктілер тобы» номинациясына
1 орын - "Риддер аграрлық техникалық колледжі" КМКК
2 орын - "Өскемен жоғары политехникалық колледжі" КМКК
3 орын - ШҚО ББ"Глубокое аграрлық колледжі" КММ
«Мейірімді жүрек» слетіне 200 еріктілер, олардың жетекшілері, қатысты. Мұнда жастар тек үздіктерді ғана анықтап қоймай, өз қатарларына жаңадан қосылған жастарға тәжірибелерімен бөліседі.Үздік еріктілер білім басқармасының мақтау грамотасымен, облыстық қоғамдық келісім басқармасының және «Аманат партиясының» жастар қанатының алғыс хаттарымен марапатталды.