«Үздіксіз білім беру процесінде ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» онлайн семинар

«Үздіксіз білім беру процесінде ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» онлайн семинар

Білім беру стратегиясы - кәсіби міндеттерді шешуге, инновациялық процестерді жүзеге асыруға дайын, қабілетті мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруды құрайды.

2022 жылғы 8 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Үздіксіз білім беру процесінде ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» семинарын өткізді.

Семинар аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ PhD докторы Увалиева Индира Махмутовна,  «Компетенции руководителя школьных научных и Start-Up проектов»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, математика пәнінің мұғалімі Ананишникова Ольга Викторовна,  «Технология БИС (биоинформатика и синергетика) в рамках обновленного содержания образования»;

ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Бозанбай орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Боксенова Манат Кәукенқызы «Ата-аналармен жұмыс жасауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»;

 «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі Боранбаев Бақ-Дәулет Қазбекұлы «Оқушылардың география пәніне деген  қызығушылықтарын арттыру тәсілдері»;

ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ информатика пәнінің мұғалімі Табыс Гүлжәз «Нәтижелі  сабақ – оқушы мен мұғалімнің жетістікке жету жолы» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинарды өткізу кезінде мұғалімдер кәсіби шеберлікті арттыру, мәдениетті дамыту, педагогикалық қызметтегі теориялық және практикалық білімді жаңарту бойынша ұсыныстар алды.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика, физика, информатика пәндерінің 100 мұғалімі қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.