Шығыс Қазақстандық оқушылардың А.Бектұров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысу қорытындысы

Шығыс Қазақстандық оқушылардың А.Бектұров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысу қорытындысы

2020 жылдың 24-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодар қаласындағы А. Бектұров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының намысын 3 оқушы – жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері қорғады.

І дәрежелі дипломмен:

Рахимгалиев Нуржан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған  «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен:

- Рахметолла Нұрасыл - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;

Газизбеков Арсен - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды

 

Олимпиадаға қатысушыларды олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта сәттілік пен жеңістер тілейміз!