«Таланттарды дамыту - мұғалімнің міндеті» онлайн- семинар БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Таланттарды дамыту - мұғалімнің міндеті» онлайн- семинар БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы  жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 21 қараша күні «Таланттарды дамыту - мұғалімнің міндеті» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Құқық негіздері», «Тарих» пәні мұғалімдерімен қазақ және орыс тілінде  онлайн-семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – дарындылықты дамыту жолдарының тәжірибелік маңыздылығы, жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамытудың тиімді әдістерін насихаттау және   әдістемелік қолдау көрсету.

Онлайн-семинар барысында оқушылары республикалық және облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары болған облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері іс тәжірибелерімен  бөліседі.

Онлайн семинар 2022 жылдың 21 қарашада өтеді.

Өткізу уақыты-сағ. 15.00

Модератор –Абраимова Бахыт Касеновна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 87017677658.