САБИЕВ АМАНЖОЛ ТАЛДЫБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ІТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылдың 15 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданындағы білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ-де Сәбиев Аманжол Талдыбайұлы атындағы робототехникадан дәстүрлі чемпионат өтті.
Чемпионатқа қатысушыларды ШҚО ШҚ ӨБЖТО бөлім басшысы Мұқанова Айгүл Қажығалімқызы құттықтап, барлық оқушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі, сонымен қатар чемпионаттың демеушісі Талдыбаев Жанәділ Аманжолұлына ШҚО ББ атынан Алғыс хат табыстады.
Биылғы жылы чемпионат Күршім ауданының оқушыларының қатысуымен өңірлік деңгейде өтті.
Талдыбаев Жанәділ Аманжолұлы өткен жылғы уәдесін орындап, чемпионаттың 12 жеңімпазына Назарбаев Университетіне 2 апталық оқу курсына жолдама берді. Сондай-ақ, 3 қатысушыға Семей қаласының IT колледжінде білім алу грантына сертификаттар табыстады.
Чемпионаттың барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді. Чемпионат қорытындысы бойынша келесідей жүлделі орындар берілді:
«Кегельринг» бағыты:
І орын – Русланұлы Жантөре, Амангелді атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІ орын – Какимова Еркежан, №3 Куршім гимназиясы, Күршім ауданы
ІІІ орын – Тлеубеков Мансұр, М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
«Сызық бойымен жарыс» бағыты:
І орын – Сабидолданов Ернар, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІ орын – Қуатханов Бек, М.Дауленов атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІІ орын – Серік Болатбек, Амангелді атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
«Робосумо» бағыты:
І орын – Бауыржан Ералы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІ орын – Аубакиров Бексұлтан, М.Әуезов атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІІ орын – Ғалым Арнал, Мүкарама атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
«Робосумо. Адымдаушы роботтор» бағыты:
І орын – Аубакиров Бексұлтан, М.Әуезов атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІ орын – Бауыржан Ералы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
ІІІ орын – Ғалым Арнал, Мүкарама атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!!!