«Ең үздік медиатор мектебі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

«Ең үздік медиатор мектебі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

2022 жылғы 13 қазанда «Ең үздік медиатор мектебі» республикалық байқауының облыстық кезеңі қашықтық форматта өтті.

Байқаудың мақсаты - білім ордасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу,  қалпына келтіруге негізделген медиация бағдарламаларының  мүмкіндіктерін, оқушылар мен оқытушылардың назарына ұсыну; құқық, психология, коммуникативтік технологиялар саласындағы білімді насихаттау.

Байқауға Өскемен қаласының, Алтай, Глубокое, Зайсан, Күршім, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандарының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің 8-11 сынып оқушы - жеңімпаздары қатысты.

Байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша тапсырмаларды орындады:

- «Жанжал және оны шешу» тақырыбында суреттер конкурсы;

- Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер конкурсы;

- Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагменттер конкурсы;

- «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

І орын –Раджанұлы Санжар, Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі, 11 сынып оқушысы, Зайсан ауданы;

ІІ орын – Казкен Анеля, Асубұлақ орта мектебі, 8 сынып оқушысы, Ұлан ауданы;

ІІІ орын – Миленьких Станислав, Алтай қаласының № 7 орта мектебі, 11 сынып оқушысы, Алтай ауданы;

ІІІ орын - Есболқызы Елдана, Ю.А.Гагарин атындағы №1 күршім орта мектебі, 9 сынып оқушысы, Күршім ауданы.

Раджанұлы Санжардың жұмысы 2022 жылғы 25 қазанда өтетін байқаудың республикалық кезеңінде ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!