«Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға дайындау аспектілері» практикалық онлайн-семинары

«Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға дайындау аспектілері» практикалық онлайн-семинары

Пәндік олимпиадалар мен оқушылардың зияткерлік конкурстары дарынды балаларды анықтау мен дамытудың, оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.

2022 жылғы 12 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға дайындау аспектілері» семинарын өткізді.

Семинар барысында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп–гимназия–интернаты» КММ педагогтері:

Ауғанбаева Бақытгүл Омарғалиқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері»;

Құдукенова Жансая Қайратқызы, математика пәні мұғалімі «Математика пәнін оқытуда оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына жоба жаздыру арқылы баулу»;

Чакеева Алмагүл Манапқызы, информатика пәні мұғалімі  «Информатика пәнінен олимпиадалық есептерді шешудің оңтайлы әдістері»;

ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ педагогтері:

Макиенко Оксана Владимировна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Система работы по подготовке школьников к участию в олимпиадах и интеллектуальных конкурсах»;

Измайлов Александр Николаевич, физика пәнінің мұғалімі «Методика преподавания задач повышенной сложности и подготовка учеников к научно-практической конференции»;

Родионова Дарья Сергеевна, физика және робототехника мұғалімі «Подготовка учащихся к конкурсам и соревнованиям по робототехнике» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық онлайн-семинар барысында спикерлер шеберлік сыныптар, оқушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға дайындау бойынша баяндамаларын ұсынды.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде жүйелі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика, физика, информатика пәндерінің 100 мұғалімі қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.