«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиыны

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы 2022 жылғы 30 қыркүйек күні «Ертіс концерт» мәдениет орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының қатысуымен «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиынын өткізді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Рыпаков Денис Сергеевич, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жумадилова Сайрангүл Ахметкаримовна, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Садыбекова Гулзира Аманбековна, ДББҰ НЗМ басқарушы директоры Казжанова Айгуль Омировна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Жуманова Гаухар Сайлаубековна, Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Раисова Кульфарида Бабакумаровна, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ бас маманы Соколов Иван Николаевич, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтарды, білім саласының еңбек ардагерлері мен педагогтерді құттықтады.
Шара аясында педагогтерді марапаттау рәсімі жүргізілді.
«Еңбек ардагері» медалімен білім саласында қажырлы еңбегі үшін:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының кабинет меңгерушісі Асанова Мұңлыхан Искаковна, Өскемен қаласының «О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Дырымбаева Гульнар Кадылбековна марапатталды.
ҚР оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда үлес қосқаны үшін ШҚО ББ «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы Зырянова Светлана Николаевна марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен ұстаздық жолында жоғары жетістікке жеткен облыстың 15 педагогі марапатталды.
Құрметті қонақтар, облыс педагогтері мен арнайы шақырылған білім беру саласының ардагерлері «Ертіс концерт» мәдениет орталығының шығармашылық ұжымы, «Алтай» халық биі ансамблі, «Флеш» би тобы, ШҚО білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК балалар хоры, аспаптық квартеті, «Іңкәр» және «Инкоро» топтарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Мерекелік жиын оқушылар мен студенттердің орындауындағы «Ұстаз туралы» әнімен аяқталды.