«Мектеп оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» облыстық практикалық семинары

«Мектеп оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»   облыстық практикалық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде «Мектеп оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында   онлайн - семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін жүзеге асыру,  озық инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату.

Семинар барысында: ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ педагогтері:     

Калиакперова Татьяна Николаевна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, Авдеева Наталья Владимировна - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы «Инновационные формы и методы для развития функциональной математической грамотности младших школьников в учебной и внеурочной деятельности» тақырыбында шеберлік сыныптарын көрсетті;

ШҚО ББ «Өскемен қалалық білім бөлімі бойынша  №14 орта мектебі» КММ бастауыш сынып  мұғалімі, шебер-педагог И.В.Сысоева  «Формирование функциональной  грамотности обучающихся 1 классов на уроках математики»  тақырыбында іс-тәжірбиесімен бөлісті;

ШҚО ББ «Өскемен қалалық білім бөлімі бойынша  Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог Т.Т.Тукубаева    математика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері жайлы өз іс тәжірбиесімен бөлісті;

ШҚО ББ «Катон-Қарағай аудандық білім бөлімі бойынша Топқайын орта мекетбі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Байбатырова Назым Серікболатқызы функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі жолдары бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды.

Шараға облыс мектептерінің 100 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып,спикерлерге алғыстарын білдірді.

Модератор – мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А