Қазақстанда прогрессивті ауыл мектебі ашылды «YBYRAI MEKTEBI»

Қазақстанда прогрессивті ауыл мектебі ашылды «YBYRAI MEKTEBI»

2022 жылы 22 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Құлынжон ауылының «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ шағын жинақты мектебінде «Ybyrai mektebi» атты жіксіз оқытудың пилоттық моделі іске қосылды. Аталған шараға Құлынжон мектебінің түлегі, «Ybyrai mektebi»  жобасының демеушісі, BI-Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Жумадилович Рахимбаев, Қазақстан  Республикасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Алия Иагалиевна Чокушева,  ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының директорының м.а. Джакупова Гульмира Сайпашқызы, Самар ауданының әкімі Раджан Кайрканұлы Сеитканов, Самар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

«Ybyrai mektebi» жобасы Құлынжон мектебінің түлегі Айдын Рахымбаевтың бастамасымен «Aidyn & Anar Rakhimbayev Foundation» қорының қаражатымен жүзеге асырылуда.

«Ybyrai mektebi» тұжырымдамасымен Құлынжон ауылының «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ директоры Аралбек Берікұлы таныстырды.

Ауыл мектебінде орталықты қайта құру, күрделі жөндеу және жаңа коммуналдық орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, ол барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қазір бұл 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп, сондай-ақ ауылдың барлық тұрғындары үшін комьюнити орталығы бар бір үлкен кешен. Бұл модель үздіксіз оқу процесін, балалардың бақшадан бастауыш мектепке неғұрлым күйзеліске ұшыраусыз өтуін және одан әрі оқытудың бірыңғай тәсілін қамтиды.

Шараға қатысушылар заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттерін тамашалады. Мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің ұжымына бастамасына сәттілік тілейміз.