«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» ШҚО балабақша басшылары мен әдіскерлерінің I слёті
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылдың 14 қыркүйегінде «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында балабақша басшылары мен әдіскерлерінің қызметіне қолдау көрсету; кәсіби ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнату; педагогикалық қызметтің беделін кеңейтуге бағытталған облыстық балабақша басшылары мен әдіскерлерінің I слётін өткізді.
Слетті ШҚО ББ басшысының м.а А.Ақылбек құттықтау сөзбен ашып, облыстың әрбір аудан-қалаларынан келген командалар өздерін таныстырумен жалғастырды.
Тьюториал-белсенді топтық оқыту алаңында «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласы бойынша филиалының директоры К.Б.Раисова, «Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ұйымдастыру ерекшеліктері (НҚА өзгерістер енгізу туралы)» тақырыбында «Biliminvest» ұлттық қауымдастығының жетекші сарапшысы Ж.Б.Бликова кеңінен тоқтап, дәріс берді.
Слеттің «Шеберлік сырлары» бөлімінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Г.О. Берекполова «Эмоционалды интеллект: ұжымдағы сындарлы өзара әрекеттестіктің кілті»; ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры Н.В.Ахаева «Менеджмент-Мектепке дейінгі ұйым басшысы қызметінің негізі ретінде» тақырыптарында шеберлік құпияларымен бөлісті.
Слеттің келесі бөлімінде әр ауданнан келген командалар «Балабақшалардың жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы үй тапсырмаларын қорғады.
Қызықты, практикалық баяндама-тед-дәрісті «Кіріктірілген ойын әрекеттері: өмірлік және шығармашылық идеялар» «Өрлеу» БАҰО АҚ жаттықтырушысы Д.Б.Кусаин жүргізді. «Жетістікке жету жолым. Менің тәжірибемнің қыр-сырлары» тақырыбында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК директоры М.М. Қаниева сыңдарлы баяндап берді.
«Зияткерлік демалыс-ойын арқылы дамимыз» бөлімінде ««Мұрагер» балабақша-бөбекжайы» ЖШС инновациялық технологиялар жөніндегі әдіскері А.М.Айтжанова зияткерлік ойындар үйрете отыра, ойын түрінде, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі Кашей Ж. музыкалық үзіліс жасатып, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешені» КММ хореографы Измоденова ТБ, «Бәріміз билейміз!» флеш-мобын ұсынды.
Слет аясында мектепке дейінгі тәрбие саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы сіңірген еңбектері, жас ұрпақтың санасына берген үлгі-өнегелері, қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектері және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.
Слеттің қорытындысы шығарылып, тәуелсіз сарапшылар марапаттау рәсімін жүргізіп, үздіктерді анықтады: Бас жүлде Катонқарағай ауданының «Өр-Қаратай»; 1- орын Өскемен қаласының «Бала тұмар»; 2 орын Самар ауданының «Позитив» және Күршім ауданының «Жігер»; 3 орын Зайсан ауданының «Тұмар» және Тарбағатай ауданының «Ұлағат» командалары, Слет шараларына белсенді қатысқан педагогтер мен командалар Алғыс хатпен марапатталды. Слетке қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалды.
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының директорының міндетін атқарушы Г.С.Джакупова қортынды құттықтай сөзінде барлық қатысушылардың жоғары дәрежедегі дайындықтарын атап өтіп, еңбектеріне табыс тіледі.
Соңынан көгалдандыру бойынша экологиялық акция өтіп, балабақша ауласында ағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 65 педагогтері қатысты.
Слет жұмысының материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.
Слет жұмысының модераторы: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева А.Қ.