
ШҚО білім басқармасы а.ж. 31 мамырында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Innovative college» мекемесімен бірлесіп, ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ жетекшілері арасында облыстық педагогикалық идеялар фестивалін өткізді.
Фестивальдің мақсаты - тәрбие саласында қолданылатын үздік педагогикалық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу, оларды облыс көлемінде насихаттау.
Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Әр кезең келесі бағыттар бойынша секциялық үлгіде жүргізілді: «Менің әдістемелік қоржыным», «Тәрбие жұмысының басты бөлімі - тәрбие сағаттары», «Мен жаңашыл педагогпын!», «Педагогикалық панорама».
Облыстық педагогикалық идеялар фестивалі жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі