Қазақстандағы Балалар жылы аясында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир

2022 жылғы 20-21 мамырда 5518 әскери бөлімінің басазында Қазақстандағы Балалар жылы аясында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир өтуде.
Турнирге облыстың оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптары, әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан 1-2 курс студенттері қатысуда
Турнир бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:
- жүзу;
- саптық қарау;
- ММГ АК-74 шашу және жинау;
- противогазды кию бойынша нормативті орындау;
- ЖҚКкию бойынша нормативті орындау;
- турникте тартылу;
- орыннан ұзындыққа секіру;
- АК магазинін патрондармен оқтау.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!