«Абайтану» пәнін оқытудың маңыздылығы» облыстық онлайн-вебинар

«Абайтану» пәнін оқытудың маңыздылығы» облыстық онлайн-вебинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Арман-ПВ» баспасымен бірлесіп, 2022 жылдың 16 мамыр күні  жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өткізді.

Семинар мақсаты - Абайтану пәнінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңыздылығы, «Абайтану» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны, кітаптар әлемінің қажеттілігі жайлы өй бөлісу, пікір алмасу.    

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газеті басылымының 2020 жылғы 10 тамызда жарияланған тапсырмасында «Гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ, Абайдың «Толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс» делінген.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасы шеңберінде «Арман-ПВ» баспасының қызметкерлері  ұстаздар қауымына қажетті, тиімді баспа жұмыстарымен:

      Бекболатова Айгуль Нурмукашевна, «Арман-ПВ» баспасының бас редакторы «Арман-ПВ» баспасы –  арманыңыздағы кітаптар!»;

      Караева Қымбат Амантурлиевна «Арман-ПВ» баспасының директорының орынбасары «5–11-сыныпқа арналған «Абайтану» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны»;         

      Зайкенова Руда Зайкенқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы, «Арман-ПВ» баспасының Қазақ әдебиеті Абайтану оқу-әдістемелік кешендерінің авторы «Абайтану пәнінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы» таныстырды.

Қатысушылар  кітап оқудың маңыздылығы, «Абайтану» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және рухани – адамгершілік тәрбиедегі Абайтану пәнінің рөлі жайлы мағлұматтар алып, ой бөлісіп, пікір алмасты.

Семинарға 100 мұғалім қатысты.