
2022 жылғы 22 сәуірде ШҚО білім басқармасы әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Көлік колледжімен бірлесіп «ХХІ ғасырдағы ғылым мен жастар» студенттердің оқу-зерттеу және жобалау жұмыстарының қашықтықтан мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды.
Конференцияға қатысушылардың материалдарын бағалауды сараптамалық комиссия 2022 жылғы 19-22 сәуір аралығында жүргізді. Конференцияға барлығы 80 баяндама қабылданды.
Конференция 6 секция бойынша жұмыс жасады:
- Жастар және заманауи қоғамның проблемалары;
- Қазіргі заман студенттері – әлеуетті білікті мамандар;
- Қазіргі қоғамдағы техникалық прогресс және жастар
- Мамандыққа талпыныс;
- Бүгінгі колледж тынысы – ізденіс, шығармашылық және шеберлік;
- Техникалық ғылым және жастар.
Конференция қорытындылары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: ИТОГИ дистанционной Межгосударственной научно-практической конференции учебно-исследовательских и проектных работ студентов «Наука и молодежь в ХХІ веке»