
Бүгін, 2022 жылдың 25 сәуірінде ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында «Менің педагогикалық қоржыным» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты - білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша педагог қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамыту.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:
«Оқу әдістемелік құрал» номинациясында педагогтер оқу үдерісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік құралдары мен жұмыс дәптерлерін ұсынса, «Сабақ (оқу сабағы)» номинациясында оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келетін кез келген тақырыпқа сабақ немесе оқу сабағын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.
Байқауға барлығы 244 жұмыс ұсынылды.
Байқаудың сараптамалық комиссиясы педагогтердің жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады:
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ, номинация иегерлері анықталды.
Байқау жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және номинация иегерлерін келесі сілтеме бойынша көре аласыздар: «Менің педагогикалық қоржыным» облыстық қашықтық байқауы жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі
Құттықтаймыз!