«Жас басшы кадрлар резерві мектептері-2021» үшінші сессиясы

«Жас басшы кадрлар резерві мектептері-2021»  үшінші сессиясы

2022 жылғы 28-30 наурыз аралығында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының  жылдық жоспарына сәйкес «Жас басшы кадрлар резерві мектептері» жобасы аясында «Басқарудың құқықтық негіздері. Құқықтық өзара іс-қимыл және кадрлық жұмыс негіздері» атты үшінші сессия өтті. Курс дәрістерін ШҚО ББ Семей қаласы бойынша  білім бөлімінің «№10 орта мектебі» КММ директоры Келдібаева Бахтыгул Омарханқызы және ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша  «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ директоры Карибаева Мархаббат Камелхановна оқыды.

Резерв мектебінің мақсаты облыстың білім беру ұйымдарында басшылық жұмысқа дайын білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Курс бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімді қамтыды. Теориялық бөлімде дәріскерлер курсанттарды нормативтік-құқықтық құжаттармен, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары және білім беру ұйымдарының құрылтай құжаттарымен таныстырды.

Практикалық бөлімде қатысушылар үй тапсырмасын орындады, оқу жұмыс жоспарларын, мектепті дамыту бағдарламаларын жасады, еңбек дауларын талдап, курсты аяқтағаннан кейін заманауи мектеп моделі мен  жобасын ұсынды және қорғады.

Резерв мектебінің қатысушылары жұмысты жалғастыруда тағы бір мәрте қажетті және пайдалы ақпараттарды алды.

Жас басшы кадрлар резерві мектебінің  соңғы сессиясы ағымдағы жылдың мамыр айында өтеді.