«Табысты мектеп жолында: іздеу және тәжірибе» ашық есік күні

«Табысты мектеп жолында: іздеу және тәжірибе»  ашық есік күні

2022 жылдың  25 наурызында  ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ базасында «Табысты мектеп жолында: ізденіс және тәжірибе» атты аудандық жалпы білім беретін мектеп директорлары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

Мақсаты - гимназияның педагогикалық ұжымының оқу-тәрбие үрдісіндегі заманауи әдіс-тәсілдері мен білім беру тәжірибесі негізінде тиімді практикалық тәжірибесімен алмасу.

Кездесу бағдарламасы 3 бөлімнен тұрды: пленарлық бөлімде мектеп директоры Жанат Зейнелқызы Малғаждарова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды мектептің тарихымен таныстырды, гимназияның даму тұжырымдамасымен: білім беру сапасы, қорытынды аттестаттау мен соңғы 3 жылдағы алтын белгі иегерлерінің көрсеткіштері және «Ең үздік орта білім беретін ұйым-2021»  байқауында 34 миллион теңге грантының иегері, нәтижеге бағдарланған оқытудың тиімділігін анықтаудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

«Білім беру мен оқытудағы өзгерістер – инновациялық қызметтің негізі» атты    1-бөлімде директордың инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Жумаксанова Г.М., математика пәнінің мұғалімі Солтанаева А. С. және  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тулеубаева С. Б., мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттауда білім сапасын жоғары жетістікке жеткізуде қолданбалы курстар бағдарламасының тиімділігін баяндады.   

«Жаңашылдық үлгісі – қосымша білім беру» атты 2-бөлімде тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тәжірибе алмасу мақсатында үйірме жетекшілері Орынғожина Л.С., Жакенова К. К., Мухамедиева Г. М., Токтыбаева Ж. Т. «Абай әлемі» клубы, Битибаева Қ.О. зертханасы, робототехника және өлкетану үйірмелер жұмысына таныстырылым жасады.

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары Баймағанбет Ж.К., Кармысова Р. О. және мұғалімдер: Төлеубаева Г. Т., Абишев Н. А., Азизова В. Е., Архыматаева А. Ж., Нугмарова С. К., Агыбаева Г. М. үш тілде білім беру (CLIL әдісі) жағдайында пән мен тілді кіріктірілген түрде оқыту тәжірибелерімен  бөлісті.

 «Спорт – ұлттық құндылығымыздың асыл қазынасы»  атты 3 бөлімде тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, теннис секцияларының жетекшілері Таласбаева С.О.,  Абдыгалымов Т.К., Имангалиев Б. Г., Аканов А. Н. секция жұмыстарын өткізу барысын көрсетті.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мектеп ұжымының табысты мектеп жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.