«Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысы» облыстық семинары

«Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысы»  облыстық семинары

2022 жылдың 24 наурызында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул мектебі жоспарына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлері мен мектеп психологтеріне «Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысы» семинарын онлайн форматта өткізді. Шараға 100 педагог қатысты.

Іс-шараны ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директордың орынбасары Нурканова С.Т. алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында:

 ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяковский атындағы ОМ» КММ педагог-психологі Тагиева Индира Таваккул-кызы «Жасөспірімдермен позитивті ойлауды қалыптастыру, суицидтің алдын алу, қауіпті топтағы балалармен жұмыс жасаудың негізгі нысандары мен бағыттары»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ педагог-психологі Бородина Марина Владимировна, «Родительские стратегии - залог успешности ребенка» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізілген семинардың өзектілігін атап өтті.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.