«Тарих пәнінен білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы» облыстық форумның БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

«Тарих пәнінен білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы» облыстық форумның БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Мектептегі тарихи  пәні: тың  тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тарих пәні мұғалімдерінің республикалық съезі аясында «Тарих пәнінен білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы» облыстық форумын өткізеді.

Мақсаты – республикалық съезд жұмысының қорытындысы бойынша айқындалған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда жалпы білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдерімен пәнді оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау, өзара тәжірибе алмасу.

Форум барысында Ы. Алтынсарин  атындағы ҰҒА-ның, ЖОО ғалымдары, жалпы білім беретін мектептердің озық тәжірибелі тарих пәні мұғалімдері  тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелері туралы ой бөліседі.

Форумның  пленарлық және 4 тәжірибелік  алаң жұмысына  Шығыс Қазақстан облысының облыстық жалпы білім беретін мектептерінің 300  педагогі қатысады.

Форум 2022 жылдың наурыз айының 15 күні өтеді.

Өтетін уақыты: секциялық бөлімі сағат 10.00-11.30 аралығында;

пленарлық бөлім сағат 12.00-де ұйымдастырылады.

Жауапты: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна, 87017677658.