«Педагог-тәлімгердің жұмысының әдістемелік және мазмұндық аспектілері» әдістемелік онлайн-вебинары

2020 жылдың 3 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог–тәлімгерлер үшін «Педагог-тәлімгердің жұмысының әдістемелік және мазмұндық аспектілері» тақырыбында әдістемелік онлайн-вебинар өткізді. Шараға 100 педагог қатысты.
Вебинардың мақсаты – жас маманның кәсіби қалыптасуына және заманауи мектепте бейімделуіне әдістемелік көмек көрсету.
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының менеджмент кабинетінің әдіскері Асылханова Б.З. 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы педагог-тәлімгерлердің қызметіне талдау жасады.
Вебинар барысында:
ШҚО ББ Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы» КММ тарих пәнінің мұғалімі Оразалин Қуат Аманжолович жас маманның кәсіби дағдыларын жетілдірудегі тәлімгерліктің маңызына тоқталды;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жиенбаева Дана Болатбековна және математика пәнінің мұғалімі Абишева Толеутай Калиевна тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Борбасова Айнур Молдагалиевна білім беру процесінің сапасын жетілдіру тұрғысынан тәлімгерліктің іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.
Семинарға қатысушылар өз ұсыныстарын ұсынды, тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Модератор: Асылханова Б.З., менеджмент кабинетінің әдіскері ШҚО ББ «Шығыс» ӨО.