ШҚО ТжКБ ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Инженер-педагогикалық қызметкерлерді аттестацияға дайындау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету» облыстық семинары

ШҚО ТжКБ ұйымдарының әдіскерлеріне арналған  «Инженер-педагогикалық қызметкерлерді аттестацияға дайындау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету»  облыстық семинары

 2022 жылдың 25 қаңтарында ШҚО білім басқармасы онлайн режимде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы әдіскерлерінің қатысуымен ШҚО ТжКБ ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Инженер-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға дайындық кезеңінде педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету» облыстық семинарын өткізді.

Мақсаты: инженер-педагогикалық қызметкерлерді  аттестаттауға дайындау мәселелері бойынша колледждердің әдістемелік қызметтеріне ұсынымдар әзірлеу.

Семинар барысында қатысушылар колледждердің педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау бойынша нормативтік құжаттамамен, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесімен, біліктілік санатын беру/растау үшін ТжКБ ұйымдары педагогтерінің портфолиосын бағалау критерийлерімен және т. б. танысты.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар колледж педагогтерінің аттестаттаудан өтуі кезінде мақсатты әдістемелік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинарға ШҚО ТжКБ колледждерінің 70-тен астам әдіскерлері қатысты.