
ШҚО білім басқармасы қоғамдық пәндер негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 14 желтоқсанда Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Ұлттық сананы жаңғырту-ұлттың ұлы мұраты» облыстық ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығарды.
Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттердің ғылыми шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеу дағдысы мен біліктілігін арттыру.
Байқауға қатысу үшін колледж студенттерінен 30-ға жуық өтінім келіп түсті.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
Жеңімпаздар, жүлдегерлер және номинант иегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Ұлттық сананы жаңғырту-ұлттың ұлы мұраты» облыстық ғылыми жобалар байқауы жеңімпаздарының тізімі