Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы – 2021» облыстық жарысы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы – 2021» облыстық жарысы

2021 жылдың 19 қарашасында Новая көшесі 20/1 мекенжайында орналасқан ШҚО ББ «Бородулиха колледжі» КММ ШҚО Білім басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы - 2021» облыстық жарысы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерін іске асыру;
  • Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал ету;
  • Спорттың осы түрінің танымалдығын дамыту;
  • ТжКББ оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту.

«Қазақ күресі» бойынша «Колледж Барысы - 2021» жарысы бұл ең алдымен – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың осы түрінің танымалдығы, оқу орындары арасында спорттық достықты нығайту.

Жарыстың қатысушылары: Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері. Жарысқа 20 колледжден 29 спортшы қатысты

Жарыс қорытындысы бойынша 70 салмақта 1 орын Фермабек Керім (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі), 2 орын Дүйсенбеков Бекжан (М.О.Әуезов атындағы педогогикалық колледж), 3 орын Мейранбеков Бақытжан (Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледж), 4 орын Ниязбеков Нұрсылтан (АВИЦЕННА жоғарғы медициналық колледжі), 95-тен жоғарғы салмақта 1 орын Қабышев Берік (АВИЦЕННА жоғарғы медициналық колледжі), 2 орын Мэлсов Нұржан (Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі), 3 орын Түсіпбеков Ахмет (Электротехникалық колледжі) 4 орын Оксукпаев Алмас (Құрылыс колледжі) .

Жүлделі орын алған қатысушылар дипломдармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және бас жүлде «Колледж Барысы - 2021» белбеуімен марапатталады. Бородулиха колледжінің әлеуметтік серіктес шаруашылығы «Раушан» қожалығының жетекшісі, аудан маслихат депутаты Оразаев Талғат. Барлық жүлдегерлерге ақшалай сыйлық жасады. Іс шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып, «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.