Ұланбасы облыстық көшбасшылар слеті

2020 жылдан бастап балалардың құқықтары мен кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыстың барлық білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілдіктері жұмысын бастады.
Мектептің балалар өкілдігінің көшбасшысы Ұланбасы ("Жас Ұлан" балалар ұйымының көшбасшысы) болып табылады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында білім беру ұйымдарында сайлау өтті, одан әрі қазан айында аудандық / қалалық Ұланбасы сайлауы өтіп, олар облыстық Ұланбасы кеңесіне кірді.
2021 жылғы 5 қарашада Ұланбасы Кеңесінің облыстық слеті өтті, онда 19 қатысушы өз бағдарламасын ұсынды, оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Слетке Республикалық Ұланбасы Кеңесіне "Күршім атындағы М. Островский атындағы №4 ОМ" 9 сынып оқушысы Қазезканова Аружан Берікқанқызы ұсынылды.
Ұланбасы Кеңесінің барлық мүшелері өздерінің негізгі басым бағыттары: үлгерім деңгейін арттыру, өңірде қосымша білім беруді дамыту, балалар бастамаларын қолдау, мектептегі балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешуге қатысу туралы ойларын ортаға салды.
Ұланбасы кеңесінің мүшелері Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған іс-шараларға белсене қатысады: "Адал ұрпақ" клубының мүшелерімен бірге орта буын оқушылары мен "Заң мен туралы, мен Заң туралы" тақырып аясында дөңгелек үстел, "Заң кепілдік береді…" тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп оқушылармен әңгімелесулер өткізді, бастауыш сынып оқушыларымен "Әр баланың құқығы бар" суреттер байқауын ұйымдастырды.
Слет барысында балалар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты және бір-біріне оқуда жақсы білім және белсенді өмірлік ұстаным тіледі.