Областной онлайн-семинар «Роль школьной библиотеки в воспитании у учащихся интереса к чтению»

Областной онлайн-семинар  «Роль школьной библиотеки  в воспитании у учащихся интереса к чтению»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі жоспарға сәйкес 2021 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана жұмысы бойынша жетекшілік ететін әдіскерлерлеріне, жалпы білім беретін және облыстық мектептердің кітапханашыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының рөлі» облыстық іс-тәжірибе алмасу онлайн семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдары кітапханашыларының іс-тәжірибе алмасуы және облыс мектептері кітапханашыларына практикалық, әдістемелік көмек көрсету.

Семинар барысында:

«Өрлеу» БАҰО АҚ-ы филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кітапхана қызметі бойынша бас маманы Конакбаева Анар Зайсанбаевна «Кітапхана кеңістігін ұйымдастыру – кітап пен кітап оқуды танымал етудің шексіз мүмкіндіктері»;

Аягөз аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі бойынша әдіскері Исаева Салтанат Таттимбетовна «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырудың тиімді әдіс тәсілдері. Кітап оқуға ынталандыру үшін сандық ресурстарды пайдалану»;

Ұлан аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі бойынша әдіскері Аубакирова Асем Акылбековна «Организация современного библиотечного пространства»;

Глубокое аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі бойынша әдіскері Киебаева Альфия Жаныбековна «Методы стимулирования к чтению с помощью традиционных и современных технологий»;

Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ кітапханашысы Майжанова Арна Макеновна «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында «Кітапхана - қазына мекені»;

Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мақаншы орта мектебі» КММ кітапханашысы Көбенова Нурила Жұлдызқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен іс-тәжірибе алмасу»;

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Башиков атындағы негізгі орта мектебі» КММ кітапханашысы Дауыл Бақсый «Кітап оқуды насихаттау мақсатында заманауи технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыптарында шебер сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

Іс-шараға 200 маман қатысты. Семинар қорытындысы бойынша кері байланыс ұйымдастырылды, әдіскерлердің кітапханашылармен бірлескен қызметін жандандыру ұсынылды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының тәрбие жұмысы бойынша кабинеттің әдіскері Нурмухамедова Эльста Алибековна.