«Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің тиімділігін арттыру. Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» облыстық онлайн-семинары

2021 жылдың 2 қарашасында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің тиімділігін арттыру. Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алу, құқықтарын қорғау және олардың сәтті әлеуметтенуін қамтамасыз ету бойынша мектептің әлеуметтік психологиялық қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Онлайн – семинарды ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі Исаев А.А. алғы сөзімен ашып, сәттілік тіледі.
Шара барысында:
- Кадирова А.Ш., БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Жастардың денсаулығы және дамуы» бағдарламасының үйлестірушісі;
- Байқонырова М.А., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- Шакиртова М.С., облыстық психологтар қауымдастығының мүшесі, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№38 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологі;
- Абильмажинова Ж.Е., «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК мектеп медицинасы бойынша бас маманы;
- Бақтыбаева Н.К., Өскемен қаласының «Қазақстанның жастар болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары;
- Ахметханова С.А., ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жас жеткіншектердің репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, жасөспірімдер ортасында зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу мәселелері бойынша іс-тәжирибелерімен бөлісті.
Іс-шараға тәрбие жұмысына және психологиялық қызметке жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілер мен медицина қызметкерлері, мектеп инспекторлары (100 адам) қатысты.
Семинар соңында мектептің әлеуметтік-психологиялық қызмет субъектілеріне оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.
Жауапты:ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева А.К.