Педагогердің Республикалық тамыз конференциясының аясындағы «Ауыл және қала мектептерінің білім алушыларына сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету» панельдік сессия жұмысы

Педагогердің Республикалық тамыз конференциясының аясындағы «Ауыл және қала мектептерінің білім алушыларына сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету»  панельдік сессия жұмысы

2021 жылы 18 тамызда «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Педагог қызметкерлердің Республикалық тамыз конференциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ресурстық орталықтардың директорлары, ауыл мектептерінің педагогтері «Ауыл және қала мектептерінің білім алушыларына сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету» панельдік сессия жұмысына қатысты.

Аталған сессия барысында Ы. Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясы өкілі, ауыл мектептері және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі, ф.ғ.к., 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта  білім  беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы және «Мобильді мұғалім, «Уақытша отбасы», «Мықты мектептердің қамқорлығы» жобалары туралы баяндады.  

Қарағанды облысы білім басқармасының мамандары және мектеп директорларының оқу-тәрбие жөніңдегі орынбасарлары  «Жас мамандарды ауыл мектебіне тарту және қолдау көрсету», «Магниттік мектептердің дамуына қолдау көрсетудегі ресурстық орталықтың рөлі»;

Қостанай облысы білім басқармасының Мектепке дейінгі  және жалпы білім берудің әдістемелік кабинетінің директоры және мектеп директорлары  «Тірек мектебі мен магниттік мектептердің бірлескен жұмыстары – білім алушылардың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз етудің бір жолы»,  «Шағын жинақты (магниттік) мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру: тәжірибе, проблемалар, ұсыныстар»;

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының директоры және  әдістемелік кабинет меңгерушісі «Мобильді мұғалім» жобасы – шағын жинақты мектепті дамытудың негізгі бағыты»;

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық  технологиялар орталығының аға әдіскері және мамандары: «ШЖМ-ның мазмұндық, басқарушылық және ресурстық аспектілерін жаңғырту: Солтүстік Қазақстан облысында «Уақытша отбасы» жобасын енгізу тәжірибесі»;

Қызылорда және Ақмола облыстарының  мектеп директорлары, пән мұғалімдері: «Жаңашыл ауыл мектебі», «Шағын жинақталған мектепте мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобасының жүзеге асуы: тәжірибе, проблемалар, ұсыныстар» тақыпыртарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, IQanat  қорының атқарушы директоры IQanat  ­ ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасымен  таныстырды.

 «ASTEL» АҚ (АСТЕЛ) компаниясының сату департаментінің директоры   әрбір ауылдық мектепті тұрақты интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша  ұсыныстарын білдірді.              

Шара соңында панельдік сессияның қорытындысы негізінде қарар жобасымен таныстырылды.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының ауыл мектептерінің директорлары, орынбасарлары мен педагогтері (барлығы 542) қатысты.

Кері байланыста қатысушылар оң пікірлер қалдырып,  ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.