WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат

2021 жылғы 7 маусым мен 23 шілде аралығында World Skills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат өтті. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі - ол Оnline режимінде өткізілді.
Қазақстан ұлттық құрамасы чемпионатқа 9 құзыреттілік бойынша қатысты. Нәтижесінде Ресей, Беларусь, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Иран командаларымен жарысып, біздің студенттер 7 құзыреттілік бойынша 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды: "Электрмонтаждау жұмыстары", "Графикалық дизайн", "Шаштараз өнері", "Сырлау және сәндік жұмыстар", "Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер", "Кондитерлік іс" және "Сән технологиялары".
Жеңімпаздар арасында Семей қ. Электротехникалық колледжі ҚМКҚ студенті Қанат Өмірбек та болды, ол қажырлы еңбегінің нәтижесінде чемпионаттың ең күрделі құзыреттерінің бірі Электромонтаждау жұмыстарында 2-ші орын ие болып күміс медалі жеңіп алды.
Студенттің тәлімгері өндірістік оқыту шебері Магавьянов Серікқазы Заманбекұлы, үлкен әріпті кәсіпқой, оның шәкірттері әрдайым осындай чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болады. Серікқазы Заманбекұлының өзі жас мамандарды дайындауға 30 жылдан астам уақыт жұмсаған, аталған колледждің түлегі.