Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні

"Бақытты бала - бақытты ел" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасына сәйкес облыстың барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 2 маусымы аралығында блоктар бойынша іс-шаралар өтті:

- Отбасында өмір сүру бақыты": қамқоршылармен кездесу, үздік отбасылық тәжірибені тарату, бақытты көп балалы отбасылар туралы бейнероликтер, спорттық эстафеталар, концерттік бағдарламалар;

- "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!": түлектердің студенттермен, еңбек ардагерлерімен кездесулері, облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерімен, ғылыми және әлеуметтік жобалар конкурстарының, шығармашылық фестивальдердің жеңімпаздарымен кездесуі;

- "Құқықтық күзет": құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен сынып сағаттары, кездесулер, құқықтық тақырып бойынша әңгімелесулер;

- "Балалар бастауы": балалардың құқықтарын қорғау өкілдерінің, мектеп парламенттері президенттерінің мектеп, қоғам өміріне қатысуы туралы балалармен кездесулері мен әңгімелесулері;

- "Таңғажайып әлем" - мәнерлеп оқу байқаулары, сүйікті кітаптар көрмесі; ұлттық-мәдени орталықтарға, хайуанаттар парктеріне бару, асфальттағы балалар суреті байқаулары;

- "Мейірімділік-балаларға": әлеуметтік осал топтардағы балаларға әлеуметтік қолдау және қорғау іс-шаралары;

- "Спорт әлемінде": салауатты өмір салтын насихаттаудағы спорттық іс-шаралар, балалардың денсаулығын нығайту;

- "Бала қауіпсіздігі": балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес акциясы", жолдарда, суда, үйден тыс жерлерде жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша әңгімелер.

Балалардың өздері, педагогтар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар қоғамдастығы белсенді қатысты.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, офлайн/онлайн форматта өткізілді.