2021 жылы колледждерге қабылдауды ұйымдастыру сұрақтары туралы

2021 жылы колледждерге қабылдауды ұйымдастыру сұрақтары туралы

2021 жылғы 28 мамырда ZOOM платформасында колледж директорларымен қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ББК өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы талапкерлердің таңдауы бойынша орналастырылады («студентке ақша» қағидаты).

Осыған байланысты, 2021 жылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру және колледждерге қабылдау механизміндегі өзгерістерге сәйкес талапкерлер құжаттарды білім басқармасының сайтында орналастырылған ақпараттық жүйе арқылы тапсырады https://vko-abiturient.kz/.

Аталған кеңесте ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры  А. Ақылбек  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 2021 жылға арналған білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары туралы түсіндірді, сондай-ақ, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Е. Даирбекова ТжКБ беру ұйымдарында ақпараттық картаны толтыру жөнінде мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, кеңеске сайтты әзірлеуші Руслан Саметеев қатысып, ақпараттық жүйені таныстырып, https://vko-abiturient.kz/ және оны толтыру бойынша толық түсініктеме беріп өтті.