«Бақытты бала - бақытты ел»

«Бақытты бала - бақытты ел»

«Бақытты бала - бақытты ел», Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция басталды.

Балалықты қорғау және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету - Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі. Халықаралық балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалар құқығының барлық аспектілерін сақтауға аударуға бағытталған.

  Республикада Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту - бұл әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекет назары мен қамқорлығының басымдығының расталуы, Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қатысушы мемлекет ретінде ережелерін іс жүзінде қолдануға деген ұмтылысы.

  Акцияның мақсаты: елімізде балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру; орталық және жергілікті деңгейлерде баланың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатарына шығару; әр баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау.