ҚР Білім және ғылым министрінің 2020-2021 оқу жылы бойынша республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен онлайн-кездесуінің қорытындысы
2021 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегерлері мен жеңімпаздарымен онлайн-кездесуі өтті.
Онлайн-кездесуде А. Аймағамбетов барлық жүлдегерлерді Олимпиадада табысты нәтижелер көрсетуімен құттықтады.
Кездесу аясында Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау бір мезгілде барлық облыстарда өтті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өткен бұл кездесуге біздің облыстың 19 оқушысы - алтын, күміс және қола медаль иелері шақырылды.
Кездесу барысында балалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып және оларға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.