Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Таңдау сен үшін» экологиялық облыстық көркемсурет пленэр-конкурсының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Таңдау сен үшін» экологиялық облыстық көркемсурет пленэр-конкурсының  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Таңдау сен үшін» экологиялық облыстық көркемсурет пленэр-конкурсын қашықтықтан өткізді.

Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақтың экологиялық санасын нығайту.

Пленэр-конкурсқа қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

Пленэр-конкурс екі жас ерекшеліктері бойынша (10-12; 13-16 жас), екі номинацияда өткізілді:

- кескіндеме (гуашь, акварель, акрил және т. б.);

- графика (қарындаш, қалам, көмір және т.б.).

Әрбір қатысушы пленэр жағдайында орындалған жұмыстарды ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңмпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар табысталды.

Конкурс қорытындысын www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

 

Пленэр-конкурстың қатысушыларына болашақта шығармашылық табыстар тілейміз!

списки победителей