«Электротехника» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

«Электротехника» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

ШҚО білім басқармасымен жалпы техникалық пәндердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Геологиялық барлау колледжімен бірлесіп 2021 жылғы 4 мамырда  ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Электротехника» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты: студенттердің «Электротехника» пәнін оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Облыстық қашықтық олимпиадаға барлығы 11 студент қатысты.

«Электротехника» пәнінен облыстық қашықтық олимпиада 2 тур бойынша өткізілді. Бірінші тур тестілеу түрінде өтті. Екінші турда студенттер есепті шешу арқылы жылдам есептеу қабілеттерін көрсетті. Нәтижелер бірінші және екінші турды бағалау критерийлеріне сәйкес шығарылды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды:

1 дәрежелі диплом – Старченко Олег Анатольевич (Электротехника колледжі);

2 дәрежелі диплом – Сердюк Алексей Денисович (Серебрянск технология колледжі);

3 дәрежелі диплом – Ханин Данил Владимирович (Серебрянск технология колледжі).