Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлерінің кезекті ойыны өтті

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын дамыту мақсатында облыстық білім басқармасымен жолдастық турнирлер өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылы 01 сәуір күні ШҚО ББ Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернаты және Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған "Білім инновация" лицейі командалары арасында онлайн форматта бесінші кездесу өтті.
Жолдастық кездесуге қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысын дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарының дебат клуб жетекшілері және оқушылар қатысты.
Ойын барысында екі ойыншыдан тұратын командалар – Үкімет (Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған "Білім инновация" лицейі), Оппозиция (ШҚО ББ Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернаты) «Бұл палата науқастар ауыр індетке шалдыққан кезде, дәрігерлер диагнозды жасырмау керек деп есептейді» тақырыбын талқылады.
Палата Спикерлері - Биназар Октябрь, Өскемен қаласының № 42 орта мектеп - тарих мұғалімі, Тохтар Шәріпханов, Өскемен қаласының № 47 орта мектеп - тарих мұғалімі, Қуаныш Бақытжанұлы, Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы № 44 лицей - тарих мұғалімі сайыстың төрешілері қызметін атқарды.
Турнир соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.