Әдістемелік онлайн-семинар «Оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту»

2021 жылы 11 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» атты онлайн-әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - PISA және TIMSS талаптарына бейімделген оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру формалары мен әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шараға облыстың математика мұғалімдері қауымдастығының 22 төрағасы және 78 пән мұғалімі қатысты.
Семинар барысында педагог И.В. Ильгова «Саны», «Белгісіздік», «Кеңістік және форма», «Өзгеріс және тәуелділік» тақырыптары бойынша бейімделген тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.Педагогтің жұмыс тәжірибесінен ұсынылған материалдар облыстық авторлық бағдарламалар байқауына қатысуға ұсынылды.Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және болашақта өз тәжірибелерінде қолдануға әдістемелік ұсыным алды.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.