«2020-2021 оқу жылында «Биология», «Химия», «География» пәндері бойынша 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарының қорытындысы

«2020-2021 оқу жылында «Биология», «Химия», «География» пәндері бойынша    9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 16 ақпанда «2020-2021 оқу жылында «Биология», «Химия», «География» пәндерінен 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарын өткізді.

Мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша негізгі орта білім беруді қорытынды аттестаттаудың жаңа форматымен таныстыру.

Онлайн-семинарға «Биология», «Химия», «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын) пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А. Н. Нұрбекова семинар тыңдаушыларын орта білім беру ұйымдарында 9-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібі жайлы нұсқаулығымен таныстырып, ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 негізгі бұйрығына өзгерістері және толықтыруларымен 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрық бойынша шолу түсіндірмесін жасады.

Жұмыс тобының мүшесі, Лозовая Зульфия Камильевна Семей қаласы, «№28 орта мектеп» КММ химия пәні мұғалімі жаңартылған жалпы білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды аттестаттаудың жаңа форматымен таныстырды, қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптарда биология, химия және география  пәндері бойынша тест спецификациясы бойынша ұсынымдар беріп, сұрақтарын түсіндірді.  Емтихан материалдары мазмұнын іріктеудегі тәсілдер туралы айтып берді.

Облыс мұғалімдеріне емтихан жұмыстарының сипаттамасы, бағалау міндеттері бойынша түсініктеме берілді. Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша тапсырмалар үлгілерін және балл қою сұлбаларын көрсетті, қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде ұқсас тапсырмаларды өздігінен әзірлеп, әр сабаққа енгізу ұсынылды.

Тыңдаушылар көптеген мазалаған сұрақтарға жауап алды. Пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім алушыларды емтиханға дайындау үшін танымдық және практикалық материалдарды алды.

Қорытынды аттестаттауға дайындық материалдары: қорытынды аттестаттауға дайындық нұсқаулығы мен алгоритмі аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жіберілді.