«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары» онлайн-семинары

«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың  шығармашылығын дамыту жолдары»  онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылы 6 қаңтар күні облыстың жалпы білім беретін қазақ тілде оқытатын мектептерінің көркем еңбек мұғалімдері үшін  «Көркем еңбек» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары» атты онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - мектеп оқушылары үшін өзіндік және шығармашылық оқытуды дамытуға бағытталған тәсілдерді жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинар барысында облыстық қауымдастық мүшелері тәжірибелерімен бөлісті:

Ахметбаева Арайлым Қаматаевна - Семей қаласы «№3 мектеп-лицейі» КММ жоғарғы санатты көркем еңбек пәні мұғалімі «Керек емес заттардан - шебер туындылар»;

Кулатаев Руслан Сериккалиевич - Аягөз ауданы «Бабатайұлы атындағы орта мектеп» КММ технология мұғалімі «Үй инетерьері мен дизайны» үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру арқылы қашықтық форматта «planner 5D плантрование домов и интерьера» бағдарламасын қолдану арқылы 2D және 3D форматта шағын үй дизайнынжәне интерьерін дайындау»;

Акулова Салтанат Якупековна - Аягөз ауданы «Бабатайұлы атындағы орта мектеп» КММ жоғарғы санатты көркем еңбек пәні мұғалімі «Қазақтың ұлттық ойын-өрнектерінің түрлері және жасалу жолдарын үйрету тәсілдері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің 100-ден аса көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.