Bilimkids.kz Білім беру онлайн-ресурсымен таныстыру бойынша онлайн семинар

Bilimkids.kz Білім беру онлайн-ресурсымен таныстыру бойынша онлайн семинар

2021 жылғы 08 қаңтарда ШҚО білім басқармасының өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «BilimLand» ЖШС-мен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған көмекші құрал Bilimkids.kz білім беру онлайн-ресурсымен таныстыру мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Онлайн кездесу барысында онлайн-ресурстың қызметкерлері балабақшаларда қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын контентпен және технологиялармен таныстырды.

Bilimkids.kz жобасының негізгі мақсаты: тәрбиешілерге, ата-аналарға көмек көрсету және оқу процесін бақылау мүмкіндігі.

Bilimkids.kz жаңа ресурсының басты идеясы: жаңа мазмұндағы білім беру сапасын арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметін цифрландыру, оқыту әдістемесінде жаңа бағыттарды тиімді пайдалану, қазақ тіліндегі шығармаларды көбейту, балалардың ерте дамуы үшін қолайлы жағдай жасау.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа жобаға қатысты сұрақтар қойды, оларға компания мамандары толық жауап берді.

Аталған іс-шараға балабақшалар мен шағын орталықтардың 300-ден астам басшысы қатысты.