Әдістемелік онлайн-семинар «Математика мен физика пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдағы жұмыс түрлері мен әдістері»

Әдістемелік онлайн-семинар «Математика мен физика пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдағы жұмыс түрлері мен әдістері»

2021 жылғы 5 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн режимде «Математика мен физика пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдағы жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-мектепте қашықтықтан оқыту кезінде математика және физика пәндері бойынша білім кемшіліктерін қалпына келтіру бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 200 математика, физика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында педагогтер, облыстық пән мұғалімдері қауымдастығының мүшелері:

Катон-Қарағай ауданы, «Ластаев атындағы орта мектеп» КММ педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі Жанұзақова Аяулым Жанатқызы «Белсенді тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»;   

Абай ауданы «Абенов атындағы орта мектеп» КММ, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Байбекова Венера Заманбекқызы «Физика сабағында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білімдегі олқылықтарды жою»;

Өскемен қаласы, «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Ильгова Ирина Викторовна «Система работы учителя по восстановлению пробелов в знаниях учащихся на уроках математики»;

Семей қаласы «Чернышевский атындағы №1 орта жалпы білім беретін мектеп» КММ, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Полежаева Алла Валерьевна, «Формы и методы работы по восстановлению пробелов в знаниях по предмету – физика» тақырыптарында «Математика» және «Физика» пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдағы жұмыс түрлері мен әдістері, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс, жұмыс нәтижелері туралы ата-аналарды хабардар ету бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинар барысында мұғалімдер қашықтан оқыту кезінде оқушылардың білім олқылықтарын жою бойынша ұсыныстар алды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.