«Математика және физика пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдың түрлері мен әдістері» онлайн – семинар БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика және физика мұғалімдері үшін «Математика» және «Физика» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Математика және физика пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды жоюдың түрлері мен әдістері» онлайн -семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты - мектепте қашықтан оқыту кезінде білімдегі олқылықтарды жою бойынша тәжірибемен алмасу.
Онлайн-семинарда облыстық пән ассоциация мүшелері: Ильгова И.В.- Өскемен қ., «Шаяхметов атындағы № 23 орта метктебі» КММ жоғары санатты математика пәні мұғалімі; Жанузакова А.Ж. – Катон-Қарағай ауданы «Ластаев атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі, зерттеуші мұғалім; Полежаева А.В. - Семей қ., «Чернышевский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ жоғары санатты мұғалімі; Байбекова В.З.- Абай ауданы «Абенов атындағы орта мектебі» КММ жоғары санатты физика мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Онлайн әдістемелік алаң 2021 жылдың 05 қаңтарында өтеді.
Өткізу уақыты: сағат 10.00-де орыс тілінде оқытатын мектептер үшін, сағат 14.00-де қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін.
Модератор – Желпакова Айгуль Халеловна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинет әдіскері, 877749663777.