«ECOSTAN-ға саяхат» республикалық экологиялық байқау қорытындысы

«ECOSTAN-ға саяхат» республикалық экологиялық байқау қорытындысы

Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әркеттерін насихаттау, мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Экостан-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсы өткізілді.

Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді: ең үздік натуралистік фоторепортаж және ең үздік экологиялық бейнебаян.

Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жеңімпаздары анықталды :

 ІІ дәрежелі дипломмен – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің                    9 сынып оқушысы Овсянникова Ксения;

 ІІІ дәрежелі дипломмен- Семей қаласының №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дәулетбек Дильназ.

 ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО грамотасымен:

 Семей қаласындағы №37 гимназияның 9 сынып оқушысы Мубаракова Аружан;

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9 сынып оқушысы Байжуминова Ұлжан марапатталды.

 

Конкурс  жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жетістіктер мен табыстар тілейміз!