Жетекші мектептерінің аймақтық онлайн-форумы

2020 жылы 11 қарашада Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының Жетекші мектептерінің аймақтық онлайн-форумы өтті.
Форумның мақсаты - Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының тәжірибесін таныстыру және жалпылау үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау.
Форумның міндеттері:
- Білім беру мазмұнын жаңартуға қолдау көрсетуді жүзеге асыратын желілік орталықтар ретінде Жетекші мектептердің аймақтардың әдістемелік орталықтармен ынтымақтастығын ұйымдастыру;
- Әдістемелік тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерін, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларын тиімді даярлауды қамтамасыз ететін оқытатын оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуді мектептермен, шығармашылық топтармен және педагогтермен таныстыру;
- Педагогтерді бір және бірнеше аймақтың бірлескен жұмысына тарту арқылы кеңірек ақпарат, әдістемелік әзірлеме мен тәжірибе алмасу аландарын ұсыну;
- Әрі қарай оны елімізге тарату үшін үздік аймақтық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату.
Форум барысында аймақтардың Жетекші мектептері педагогтерінің желілік қоғамдастықтар жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелері таныстырылып, тиімді өзара іс-қимылы мен командалық жұмысы, қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру және әдістемелік қолдау көрсету мәселелеріне көңіл бөлінді.
Пленарлық бөлімде Кабдыкаримова Жанбота Жетылбековна, ЖМ “Педагогикалық шеберлік орталығының” директоры, Абдикерова Бахытгуль Химальдиновна, Қарағанды облысының ОӘО ББДО директорының орынбасары, Абетаева Гульнара Зекеновна, ШҚО “Шығыс” ББӨО білім беру мазмұны мен сапасының мониторинг кабинетінің меңгерушісі, Наушев Тимур Жумабекович, Павлодар облысы, Екібастұз қ., “№6 лицей - мектебінің” директоры өз өңірлеріндегі жетекші мектептердің жұмыс барысы туралы баяндады.
Форум аясында пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, онда қатысушылар Жетекші мектептердің үздік жобаларымен танысып, тәжірибе алмасты. Аймақтардың Жетекші және серіктес мектептерінің өзара әрекеттесуінің модельдері ұсынылған виртуалды көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар форум қатысушыларына шеберлік сабақтары өткізілді.
Форум жұмысына 1000-нан аса адам қатысты, оның ішінде «Педагогикалық шеберлік орталығының» басшылығы мен қызметкерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» педагогтері, Облыстардың Білім басқармалары өкілдері, қалалық/аудандық білім беру бөлімдері, әдістемелік кабинет жетекшілері мен әдіскерлері, аймақтардың Жетекші мектептері директорлары, үйлестірушілері және педагогтері қатысты.