«Робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік онлайн-алаң

«Робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік онлайн-алаң

2020 жылғы 11 қарашада ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн-режимде «Робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік алаңын өткізді. Семинардың мақсаты-робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу бойынша тапсырмаларды практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін және арнаулы білім беретін мектептерінің 100-ден астам информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Шемонаиха ауданының «Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі Старожилова Наталья Викторовна; Көкпекті ауданының «№1 Самар орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Баронина Анна Васильевналар сөз сөйледі. Олар оқушыларды пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана отырып оқыту идеясына, оқушылардың жас ерекшеліктерін, оқу деңгейін және психикалық процестердің ерекшелігін ескере отырып, жобалық және ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру идеясына негізделген робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды практикалық қолданудың авторлық әзірлемелерін ұсынды.

Педагогтер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Бағдарламалау», «Робототехника», «3D-модельдеу» құзыреттіліктерін қолдануды көрсетті. Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері, тел.номері 87774966377.