«Қашықтықтан оқытудың жаңа форматы және онлайн платформалар мүмкіндіктері» онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қашықтықтан оқытудың жаңа форматы және онлайн платформалар мүмкіндіктері»  онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология, химия және география пәні мұғалімдері үшін «Биология», «Химия» және «География» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Қашықтықтан оқытудың жаңа форматы және онлайн платформалар мүмкіндіктері» облыстық онлайн-семинарын өткізеді.

Мақсаты – қашықтықтан оқытуда білім беру платформаларын тиімді пайдалану бойынша биология, химия және география пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру.

Онлайн-семинарда облыстық қауымдастық мүшелері: Досмуханбет Мөлдір Арыстанбекқызы, педагог-шебер, Зайсан ауданы «М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ химия пәні мұғалімі; Бердибекова Марзия Сыдыкановна, педагог-шебер, Жарма ауданы, Шар қаласы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ химия, биология пәні мұғалімі; Абакумова Анна Николаевна, педагог-зерттеуші, Риддер қаласы «№1 мектеп-лицей» химия пәні мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Өтетін мерзімі: 2020 жыл 6 қараша.

Өткізу уақыты: сағат 11.00-де қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін, сағат 14.00-де  орыс тілінде оқытатын мектептер үшін.

Іс-шараға жауапты: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері, тел.номері 87782422152.