«Табысты менеджер-2025» облыстық конкурсы

«Табысты менеджер-2025» облыстық  конкурсы

2025 жылдың 19 желтоқсанында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Табысты менеджер» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың облыстық кезеңіне облыс бойынша аудандық (қалалық) кезеңдердің жеңімпаздары атанған сегіз білім беру ұйымдарының басшысы қатысты.

Байқаудың мақсаты: Қазақстандық білім беруді дамытудың заманауи тенденцияларына сәйкес инновациялық педагогикалық және басқарушылық тәжірибені тарату.

Әрбір қатысушы Ережеге сәйкес 4 кезең бойынша жұмыс нәтижесімен таныстырылды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері ШЖМ мен ТКМ жеңімпаздарды анықтады:

І орын- Мустафина Г.Ч., ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ директоры;

ІІ орын- Оспангалиева З. М. ШҚО ББ Үлкен Нарын  ауданы бойынша білім бөлімінің « Содатова орта мектебі» КММ директоры;

ІІІ -орын – Сатиева Г.Г., ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі»КММ директоры;

І -орын – Бутабаев А.А., ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ директоры;

ІІ -орын – Жампеисов Е.Т., ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі» КММ директоры;

ІІІ -орын – Сагиева А.К., ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім  бөлімінің «Пушкин атындағы орта мектебі» КММ директоры марапатталды.

Номинация иегерлері:

«Шағын жинақты мектептің табысты менеджері»- Курметжанова Ж.К., ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Аршаты орта мектебі» КММ директоры;

«ТЖМ табысты менеджері» - Мажинова Ч.Т., ШҚО ББ Өскемен қалалық білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директоры.

Қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.